Игі шараны ұйымдастырғандар өзгелерді де қиын-қыстау кезде қайырымдылық шарасына қосылуға шақырды
Алматылықтар тағы бір игі шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Кәсіпкерлер лаңкестердің шабуылы кезінде зардап шеккендер мен көмекке мұқтаж жандарға ыстық тамақ таратты. Аспаздар мен даяшылардан құралған еріктілер тобы құқық қорғау мекемелері, балалар үйі, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға түскі ас апарып берді.
Сондай-ақ игі шараға мұрындық болғандар кәсіпкерлерді қиын-қыстау кезде қайырымдылық шарасына қосылуға шақырды.
«5000 адамға тағам тараттық. 50 адам болып жиналып, өзіміз ерікті ретінде елімізге қолдау көрсеткіміз келді. Зейнетақы, жәрдемақы алып үлгермей қалған адамдар көп болды ғой. Соларға, елімізге қолдау көрсетейік деп, өзіміз сондай шешім қабылдап, осы шараны ұйымдастырдық», – деді Esperanza Group директорының орынбасары Айнұр Шырманбаева.