Ақжар ықшам ауданында су және кәріз желілері салынуда

08.08.2020 18:15

Жұмыстардың аяқталуы 2021 жылдың соңына жоспарланған

inalmaty.kz

«Алматы» телеарнасынан шығатын Akimat live бағдарламасында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғынының Ақжар ықшам ауданындағы су мәселесіне қатысты қойылған сауалына жауап берді. 

Тұрғын сауалы:

 – Ақжар шағын ауданында су қашан болады?

Әкім жауабы:

– 2020 жылдың мамыр айында Ақжар ықшам ауданында су және кәріз желілерін салу бойынша жұмыстар басталды. Мердігер ұйым – «АГС Пласт» ЖШС. Жұмыстардың аяқталуы 2021 жылдың соңына жоспарланған.  Құрылыс жұмыстары аяқталғанна кейін тұрғын үйлерді қалалық су желілеріне қосу жұмыстары жүргізіледі.