|
04.06.2023 | 10:15
6080

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шара өтеді

Сонымен қатар қаланың барлық ауданында әнұран бір мезетте орындалады

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздері күні қандай іс-шара өтеді strategy2050.kz

Алматыда ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі іс-шара, оның ішінде мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және жаппай әнұранды орындау, веложарыс, тақырыптық көрмелер, дөңгелек үстелдер және т.б. жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сағат 11:00-де «Медеу» биік таулы спорт кешенінің алаңында қала басшылығының, жастар жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру және әнұранды жаппай орындау жоспарланып отыр.

Сағат 11:00-де қаланың барлық ауданында әнұран бір мезетте орындалады.

Сағат 12:00-де Шевченко көшесі бойымен М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін веложарыс өтеді, оған әркім қатыса алады. Жарысты бастамастан бұрын барлық қатысушыға жалаушалар таратылады, мәреге жеткен кезде ҚР әнұранын жаппай орындау ұйымдастырылады.

Сағат 19:30-да Абай алаңында отандық эстрада жұлдыздары Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Нұржан Керменбаев, Газизхан Шекербеков, Мархаба Сәби, Арай Tribute, «Made in KZ» тобы, Сырымтай Еңсепов және Қазбек Құрайыш қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Концерттен кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония хорының жастар құрамы ҚР мемлекеттік әнұранын орындайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда балаларды қорғау күніне орай «Алматы BALAFEST – 2023» фестивалі өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир