|
10.08.2022 | 13:24
4131

Алматының Наурызбай ауданында отбасы саябағы ашылады

Биыл Ақжар және Қалқаман шағын ауданында 2 саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр

Алматының Наурызбай ауданында отбасы саябағы ашылады

Наурызбай ауданында отбасылық саябақ, ДСК, теннис орталығы және өрт сөндіру депосы салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңістікті дамыту туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Санжар Тоғай айтып берді.

Спикердің айтуынша, аудандағы қоғамдық кеңістіктердің саны маңызды болып қала береді. Сондықтан осы жылдың көктемінде «Әлем парк» отбасы саябағы құрылысы басталды. 2023 жылы Шұғыла және Ақжар шағын ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда.

«Шұғыла шағын ауданында Сәбденов көшесіндегі 15 гектар жер учаскесінде келесі жылы мектеп, балабақша, 500 келушіге арналған емхана, 100 келушіге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, теннис орталығы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жоспарлануда», - деді С. Тоғай.

Биыл Ақжар және Қалқаман шағынауданында 2 саябақ құрылысы, балалардың ойын және спорт алаңдарын орнатуды, абаттандыру элементтерін, сыртқы жарықтандыруды, үш жаяу - серуендеу аймағын абаттандыруды көздейтін 4 жеке учаскені абаттандыру жүргізілуде.

Өткен жылы Наурызбай ауданында 30 қоғамдық кеңістік құрылды, оның ішінде 16 балалар ойын және 12 спорт, 3 скейт, 3 баскетбол және екі футбол алаңы салынды, екі жаяу серуендеу аймағы жайластырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир