Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді
Алматыда Мемлекет басшысының қолдауымен "ҚазҚСҒЗИ" АҚ және ҚР ТЖМ сейсмология институтымен бірлесіп қалалық нысандарға сейсмоаудит жүргізіледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде әкім Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жұмысты осы жылдың шілде айында бастап, 2024 жылы аяқтаймыз. 2000 жылдан соң салынған 16 701 нысан зерттеледі. Оның ішінде 1 641 - көппәтерлі тұрғын үй, 15 060 - азаматтық және қоғамдық ғимараттар. Сондай - ақ, 2023 жылы 16 әлеуметтік нысанды сейсмикалық күшейту жүргізіледі және 34 нысанды сейсмикалық күшейтуге ЖСҚ әзірленеді", - деді қала басшысы.
Жаңа сейсмоаудит Алматының соңғы 5 жылдағы белсенді дамуын ескере отырып, оның паспорттарын жаңартуға мүмкіндік береді.