Жұмысты барлығы 86 адам, 20 техника, 1 сорғы станциясы мен 9 мотопомпа атқарды
Қаланың коммуналдық қызметтері өзен арналары мен арық желісін тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Тасқынға қарсы іс-шаралар коммуналдық қызметтердің бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сағат 13:30-дағы жағдай бойынша Алматы қаласында 18 су басу жағдайы тіркелді, оның ішінде 16 аумақта жұмыстар аяқталды. Жұмысты барлығы 86 адам, 20 техника, 1 сорғы станциясы мен 9 мотопомпа атқарды. Екі аумақта жұмыстар әлі де жалғасуда: Бостандық ауданы, Бағанашыл ықшамауданы мен Жетісу ауданындағы Кемел ықшамауданы.
"Казселденқорғау" мәліметіне сәйкес:
Үлкен Алматы өзені негізгі су деңгейі 201 см, шығын секундына 4,55 куб.
Кіші Алматы дамбысындағы су деңгейі 50 см, шығын 5,5 куб/сек.
Су бөлгіштен Кіші Алматыға 2 куб/сек дейін бағытталуда.
Есентай өзеніне 3,5 куб/сек су ағызылуда. Су деңгейі төмендеді, жылдамдық орташа.