Алматыда ҚХА ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресі өтті

 Алматыда ҚХА ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресі өтті
Конгресс толығымен қазақ тілінде өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыда мемлекеттік тілді оқыту бойынша «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов және филология мен лингвистика саласының сарапшылары, қоғам қайраткерлері мен ассамблея мүшелері қатысты. Бұл шара барысында мемлекеттік тіл мәртебесі мәселсі талқыланды. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Жанар Ғаниқызы тартқатсын.

Достық үйінде өткен басқосуда мемлекеттік тіл мәртебесі мен қолданыс аясын кеңейту мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, осы мақсатта жүргізілген жұмыстар мен алдағы жоспарлар ортаға салынды. Ел үшін маңызы зор мәселеде Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Мәселен, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» конгресін ұйымдастыру барысында қазақ тілін еркін меңгерген түрлі ұлт өкілдері кездесті. Ассамблея төрағасының орынбасары қазақ тілін бүгіннің өзінде ұлтаралық тіл есебінде қолданып жүрген барша азаматтарға алғысын жеткізді.

«Барлық этностар арасындағы қазақ тілін жақсы меңгерген түрлі этнос өкілдері барлық жерде көп екен. Біз оларды қолдауымыз керек, біз оларға жәрдем беруіміз керек, оларды насихаттауымыз керек», – деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев.

Конгресс барысында қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тіл үйренудегі тәжірибелерімен бөлісіп, барша қауымды қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Ол үшін тәрбие бала-бақшадан басталуы тиіс, мемлекеттік қызметкерледі тіл үйрену үшін ауылға жіберу керек, барлық әдістемелік құралдар қазақ тілінде болуы шарт сынды әртүрлі ұсыныстар айтылды.

«Мемлекеттік тілді меңгеру бесіктен деп айтатын болсақ, ондай болса, балабақшадан бастауымыз қажет сияқты мемлекеттік тілді. Себебі бізде мынадай күшті мақал бар емес пе «Сүтпен сіңген – сүйектен кетеді», – деді ҚХА жанындағы Нұр-Сұлтан қалалық «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы төрағасының орынбасары Наргизам Махмудова.

Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай ел дамуына қосқан еңбегі арқылы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға үлес қосқан азаматтар мен азаматшалар мараптталды.  

Жанар Ғаниқызы, Мұрат Тайжанов «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров