|
31.03.2021 | 13:31
3894

Алматыда жеке тұрғын үйлерді газдандыру, көше жарығын модернизациялау және тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау жұмысы жалғасып жатыр

Бүгінде қала тұрғындарының 99 пайызы газбен қамтылған

Алматыда жеке тұрғын үйлерді газдандыру, көше жарығын модернизациялау және тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау жұмысы жалғасып жатыр Фото: zakon.kz

Алматыда жеке тұрғын үйлерді газдандыру, көше жарығын модернизациялау және тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінде қала тұрғындарының 99 пайызы газбен қамтылған. Газбен жабдықтау желілеріне қосылмаған үйлердің жалпы саны 1587, оның ішінде:

- 1411 үйдің газ желісіне қосылу мүмкіндіктері бар.

- 176 үйге газ берілмейді, өйткені бұларда газбен жабдықтаудың сыртқы желілері жоқ.

Бұл мекенжайлар «ҚазТрансГаз» АҚ-ның АлҚФ- на берілді, бұлар 2022-2026 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыруға қатысты жоспарға енетін болады. 2020 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша газға қосылмаған үйлердің жалпы саны 2342 құрады, 32%-ға төмендеді. Әлеуметтік аз қамтылған азаматтар тұратын 92 үй газға қосылған жоқ, дегенмен олардың қатары 78%-ға төмендеді. 2021 жылы 40 км газ құбыры реконструкцияланады, соның арқасында газ желісіне қосылатын тұрғындар қатары артатын болады.

Сондай-ақ, 2019 жылдан 2020 жыл аралығында қаланың 14 көшесінде сыртқы жарық желілерін (бұдан әрі - СЖЖ) жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Былтыр қала шетіндегі 1423 көшеге (Алатау, Наурызбай, Жетісу, Түрксіб аудандары) жаңа СЖЖ орнатылды. Биыл қаланың 48 көшесінде СЖЖ модернизациялау жоспарлануда, сонымен қатар, қаланың 601 көшесіне жаңа СЖЖ орнату жоспарлануда.

Тозығы жеткен электр желілерін реконструкциялау ойдағыдай іске асуда. Мысалы, өткен жылы «АЖК» АҚ-ның жеке қаржысы есебінен 293,4 км электр желілері жаңарды. 2021 жылы тозығы жеткен электр желілерін жаңарту және қала тұрғындарын электрмен үздіксіз қамтамасыз ету үшін «АЖК» АҚ есебінен 270 шақырым электр желілері жаңарту жоспарланып жатыр.

Сонымен қатар, басқарма «Алматы қаласын болашақта 2030 жылға дейін электрмен жабдықтау сызбасын» әзірлеп жатыр. Сызбаны әзірлеу барысында Алматыныың электрмен жабдықтау жүйелерін дамыту, экономикалық бағыттарын анықтау және электр желілерін реконструкциялау басты назарға алынатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир