Алматының 4 ауданында интернет жылдамдығы жоғарларды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Алматыда өткен жылы 27 цифрлық жоба жүзеге асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өткен жылы 27 цифрлық жоба жүзеге асты. Соның нәтижесінде биыл қаладағы 4 ауданда интернет жылдамдығы секундына 90 Мбит-ке дейін жоғарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі таңда ғаламтор мегаполис халқы үшін өте маңызды. Сондықтан интернет байланысын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады деді қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев. Сонымен бірге ол дүниежүзілік банктен 2022 жылға дейін құны 300 мың доллар болатын гранттық жоба бекітілгенін атап өтті. Бұл қаражаттың барлығы қаладағы цифрлық жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақ. Қала көшелеріне жаңадан 766 сергек бекеттері мен адамдар жаппай жиналатын орындарға 1000 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұл, қала халқының қауіпсіздігін күзетуде таптырмас шара деді басқарма басшысы.

«Қалада IT-кеңесі құрылды. Нәтижесінде қаладағы цифрлық қызметтің түрлі форматы бойынша кедергілерді анықтадық және оның шешімін табу жолдарын қарастырудамыз. Одан бөлек, өткен жылы  Қазақ-Британ техникалық университетінде Smart City зертханасы ашылды. Бұл GPS мобильді қосымшасын пайдаланушылардың белсенділігін бақылауға мүмкіндік бермек», – деді  қалалық цифрландыру басқармасының басшысы  Баян Қоңырбаев.


Новости партнеров