Алматыда 3750 жүк көлігіне сиятын қар шығарылды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында 17-20 қаңтар аралығында 40 см қар жауды. 21 қаңтарда күндізгі уақытта көшелер мен жолайырықтардағы тоннельден 26 қар тиегіш пен 66 өзі түсіргіш жүк көлігімен жаппай қар шығару жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме дасап. 12:00-дегі жағдай бойынша 37,5 мың м3 қар шығарылды, бұл 3750 рейс өзі түсіргіш жүк көлігімен тең.

Айта кетерлігі, қар негізінен көшеде көлік және жол жиегіне қойылған машина аз кезде - түнде шығарылып жатыр, бұл уақытта 40 қар тиегіш пен 80-нен астам өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылды. Соңғы қар жауғаннан басынан бастап 2371 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды.

Күндізгі уақытта 487 бірлік арнайы техника мен 1125 жұмысшы жұмылдырылды. 194 шағын көлемді техникамен тротуарлар мен қоғамдық орындар қолмен күреліп, тазартылып жатыр.

Қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері де қолмен тазартылды.

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамынша, бүгін күндіз аздаған қар жауады. Ауа температурасы -6...-8 градус.

22 қаңтар: жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы -14...-16, күн -3...-5 градус.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Оқи отырыңыз: Алматыда жүк көлігімен 2820 рейс қар шығарылды

Новости партнеров