|
23.01.2021 | 13:35
3781

Түрксіб ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Бюджетке қатысу» бағдарламалары аясында 1500-ге жуық жұмыс орны ашылды

Брифингте ауданның даму қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтылды

Түрксіб ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Бюджетке қатысу» бағдарламалары аясында 1500-ге жуық жұмыс орны ашылды Almaty.tv

Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Бюджетке қатысу» бағдарламалары аясында 1407 жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров ӨКҚ брифингінде хабарлады. Брифингте ауданның даму қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы айтылды.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісі халық табысының өсуі болып табылады. Пандемияның күрделі жағдайларында жаңа жұмыс орындарын құру және халықты табыспен қамтамасыз ететін бизнесті қолдау бұрынғыдан да өзекті болып отыр.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» және "Бюджетке қатысу" бағдарламаларын жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруға және ауданның абаттандырылуын жақсартуға ықпал етті. Түрксіб ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша 23 жоба жүзеге асырылды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 1407 жұмыс орнын құру болып табылады», — деді Б. Ақжар.

Шағын ауданда скверді, «Жас Қанат» шағын ауданында Соболев, Ақан сері, Международная көшелеріндегі балалар ойын алаңдарын жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Маяк» шағын ауданындағы спорт алаңдары «Әлмерек»  шағын ауданында және Полесская көшесінде  арық желісіне, 4 балабақшаға, ВАЗ жол айрығына, «Шуақты» шағын ауданында Сауранбаев көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер көпіріне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 95 аула аумағын күрделі жөндеу және 115 ауланы ағымдағы жөндеу жасалды.

«Алматы қаласының Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы бойынша 2020 жылы аудан аумағын абаттандыру бойынша 5 жоба іске асырылды, оның ішінде: 4 балалар алаңы; Басқарасу өзені арқылы Салауат көшесінің бойымен өтетін баспалдақ салынды.

«Алматы қаласының бюджетке қатысу» жобасы бойынша 2021 жылы тұрғындар берген 63 өтінім негізінде 38 жоба іске асырылатын болады, оның ішінде:

• спорттық, балалар ойын алаңдарын орнату — 26 жоба;

• аумақтарды көгалдандыру — 2 жоба;

• қоғамдық пайдалану орындарын жарықтандыру және жөндеу — 9 жоба;

• қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін тереңдетілген контейнерлік алаңдарды орнату — 1 жоба.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир