Алматы тұрғындарды сумен 100 пайыз қамту межесіне жақындады

stopfake.kz
stopfake.kz
Қазіргі кезде Алматыда үйлердің 99,2%-ы газбен жабдықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Жаңа Алматыны» дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктер мен полиорталықты қалыптастыру туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жаңа Алматыны» Дамытудың кешенді жоспарының іс-шараларын іске асыруды жыл сайын қаржыландыру шамамен 200 млрд теңге. Бүгінде жоспар аясында қаланы дамытудың полиорталықты моделін ескере отырып, қала шетіндегі көлік, бизнес және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 286 жоба іске асырылып жатыр.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Су құбыры желілерінің құрылысы жалғасуда және бүгінгі күні Алматы тұрғындарының 98,5%-ы орталық сумен жабдықталған.

Қалаға қосылған аумақтардағы су тапшылығы мәселесін шешу үшін келесі жылдың сәуір айында Қарғалы өзеніндегі су жинау құрылысы аяқталады. 2022 жылы Ақсай өзені мен Ерменсай шағын ауданында осындай құрылыстар басталады.

2025 жылдың соңына қарай Алматы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету 100% болады.

Қала өмірінде газ инфрақұрылымы маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезде Алматыда үйлердің 99,2%-ы газбен жабдықталған.

Сот арқылы иесіз инженерлік желілерді анықтау және тану жұмыстары жалғасуда. Сот шешімдерінен кейін желілер коммуналдық меншікке қабылданып, кейіннен жаңғыртылады. Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 168,2 км болатын 246 инженерлік инфрақұрылым нысаны анықталып, иесіз деп танылды.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы әкімдіктің қаулыларымен 2019 жылға дейін анықталған объектілер коммуналдық меншікке қабылданды. Оның ішінде 96,6 км сумен жабдықтау желілері, 42,7 км су бұру желілері бар.

Новости партнеров