Ержан Бабақұмаров «Almaty – Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің қызметі жөнінде айтты

30.11.2020 18:45

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар конкурсы жарияланд

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппараттық кеңесі Агенттік басшысы А.Шпекбаевтың төрағалығымен өтті, оның барысында «Almaty – Adaldyq Alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Алматы әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың жобалық кеңсенің қызметі мен ағымдағы міндеттері туралы есебі тыңдалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Adaldyq Alany» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Алматыда сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтар деңгейін қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты жалпылама қабылдамауды қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға басты назар аударылады.

«Алматыда және жалпы елімізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар деңгейінің біршама төмендеуі, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділігінің артуы байқалады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудегі жаңа тәсілдердің нәтижесі болды», – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров өз баяндамасында.

«Adaldyq Alany» Алматы Кеңсесінің негізгі қызметі үш негізгі міндетті шешуге бағытталған. Біріншіден, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық қызметке әртүрлі азаматтық қоғам институттарының өкілдерін және әлеуметтік белсенді азаматтарды тарту. Екіншіден, жобаларды іске асырудың нақты және қол жеткізуге болатын мақсаты, міндеттері мен индикаторлары бар жобалық менеджмент қағидаттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру. Үшіншіден, коронавирус инфекциясының пандемиясы жағдайында азаматтық белсенділік пен құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық бақылау әдістерін жетілдіру.

Жобалық кеңсе жұмысының нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында қоғамдық ұйымдардың басшыларымен және өкілдерімен, азаматтық белсенділермен кездесулер өткізілді. Осы кездесулер шеңберінде жобалық топтардың, сараптамалық кеңес мүшелері алмастырылды.

Әлеуметтік желілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы идеялар мен жобалар конкурсы жарияланды. Бүгінгі таңда алматылықтардан жүзден астам ұсыныс келіп түсті.

Осы жылы құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасын арттыруға, сыбайлас жемқорлық қаупі туралы уақтылы хабардар етуге және қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

Е. Бабақұмаров пандемия жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар екенін және оның негізінен кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарына, халықпен «кері байланысты» жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, оның маңыздылығы мен тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Алматыда қоғамшылдар мен азаматтық белсенділерді тартудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді.

Азаматтық белсенділер әртүрлі мекемелер мен ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі талаптарды сақтау бойынша мониторингтік іс-шараларға қатысады. Сонымен қатар, жобалық кеңсенің қызметкерлері карантин жағдайында қашықтан оқыту үшін мұқтаж және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға арналған ұйымдастыру техникасын бөлу мониторингіне қатысты.

Ержан Бабақұмаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлескен күш салуының арқасында мүмкін екенін атап өтті. Олардың «Adaldyq Alany» алаңы арқылы өзара іс-қимылының жаңа форматы өзінің өміршеңдігі мен маңыздылығын дәлелдейді. Пилоттық жоба бүкіл қала бойынша кеңейтілетін болады.