Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жеке секторды газбен қамту жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде қала тұрғындарының 99%-і газбен қамтамасыз етілген. 1848 үй, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтарының 48 үйі әлі де газға қосылмаған.
Басқа қосылуға мүмкіндігі бар 1646 үйдің 529 үйін қосу бойынша жұмыстар жүруде.
Газбен жабдықтаудың сыртқы желілерінің болмауы салдарынан 202 үй қосылған жоқ. Олардың мекенжайлары «ҚазТрансГаз» АҚ АлӨФ-ге Инвестициялық бағдарламаны құру жұмыс жоспарына қосу үшін берілді.
Осы жылдың басында біз Халық банкімен бірге газға қосылуға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын бастадық. Газға қосылу үшін 18 айға дейінгі мерзімге 300 мың теңгеге дейін пайызсыз және кепілсіз несие алуға мүмкіндік беріледі.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандарға газ жабдықтарын алу және монтаждау жұмыстарына кеткен шығындардың 100% мөлшерінде өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі. 1 қарашадағы жағдай бойынша 31 меншік иесіне 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді.