Алматыда жыл сайын жүргізілетін кәріз желілерін тазарту жұмыстары басталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жұмыс арнайы техниканы тарту арқылы жүргізілетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл сайын жүргізілетін кәріз желілерін тазарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыстар 5-7 наурыз аралығында Медеу ауданында жоспарланған. Аталған күндері Достық даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін Шевченко және Құрманғазы көшелерімен жүру қиынға соғады.

Жұмыс арнайы техниканы тарту арқылы жүргізілетін болады.  

Бұл жұмыстар ағынды суларды бұрудың үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Жыл сайын қалада 1000 км астам кәріз желілері мен 70 мың кәріз құдықтарын жуу және тазалау жүзеге асырылады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолдың көрсетілген учаскесі бойынша маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Анықтама телефоны: 274-66-66.

Новости партнеров