Алматы «Еңбек» бағдарламасы аясында 700-ге жуық ана өз бизнесін ашты

Instagram Б.Сагинтаева
Instagram Б.Сагинтаева
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан аналар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасы аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі», – деп жазады әкім.

Сонымен қатар, Алматыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашқан.

«Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды. Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған «Іскер ана» арнайы дүкенінде сата алады», – деді Сағынтаев.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

14.09.2020 Көпбалалы аналарды қолдау үшін бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы барлық ауданда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік жобасын аштық. Жоба аясында әйелдерді іскерлік белсенділікке тарту мақсатында «Іскер ана» бағдарламасы іске асырылуда. Курста кәсіпкерліктің әліппесі үйретіледі. ⠀ Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 700-ге жуық ана өз бизнесін ашып, бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алды. Бүгінде олар тігін мен тоқыма бұйымдарын, ұлттық киім мен әшекейлерді, ыдыс-аяқтар және басқа да тауарларды шығарады. Бұл өнімдерін олар Түрксіб ауданында меценаттардың қолдауымен ашылған «Іскер ана» арнайы дүкенінде сата алады. —— Для поддержки многодетных мам реализуется ряд программ. В прошлом году мы масштабировали на все районы социальный проект «Центр для многодетных и малообеспеченных семей «Бақытты отбасы». На его базе реализуется программа по вовлечению женщин в деловую активность «Іскер ана». На курсах обучают азам предпринимательства. ⠀ В текущем году по программе развития продуктивной занятости и массового предпринимательства «Еңбек» порядка 700 матерей из числа многодетных и малообеспеченных получили гранты в размере до 200 МРП для открытия собственного бизнеса и реализации бизнес-идей. Сегодня они производят швейные и вязаные изделия, национальную одежду и украшения, посуду и другие товары. Реализовать продукцию они могут в специальном магазине «Іскер ана», открывшемся при поддержке меценатов в Турксибском районе.

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)14 Сен 2020 в 2:34 PDT


Новости партнеров