Марапатқа 100-ге тарта адам ұсынылды
Алматыда Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйым күнінде 30-дан астам қоғам белсендісі марапатталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Еріктілер мен жастарға 12 номинация бойынша, пікір көшбасшылары мен журналистерге "Жыл сыйлығы" берілді. Айтулы датаға арналған мұндай іс-шара қаланың Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен биыл тұңғыш рет өтіп жатыр. Арнайы наградалар қоғам белсенділеріне 2023 жылы атқарған еңбегі үшін табысталды. Марапатқа жалпы 100-ге тарта адам ұсынылды.
- Қазылар алқасы марапат бойынша 12 номинацияны бекітті. Соның әрқайсында 3 лауреаттан бар. Яғни, 36 адам марапатталды. Олар - 2023 жылы атқарған жұмыс нәтижесі, қажырлы еңбегі бойынша іріктеуден өткендер. Наградалар қоғам игілігі үшін барын салып, тер төккен жандарға ғана берілді, - деді Азаматтар альянсының Алматы қаласы бойынша төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов.
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды