Бостандық ауданында 29 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері архитектуралық формасын сақтай отырып жөнделді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Ағымдағы жылы 100 аула аумағын күрделі жөндеу және 70 аулаға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ӨКҚ брифингінде Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, қала әкімінің тапсырмаларын орындау барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданында 1886 көппәтерлі тұрғын үй және 655 аула бар.

«2020 жылы 120 аула аумағы абаттандырылды, сондай-ақ инвесторларды тарту есебінен 20 балалар алаңы абаттандырылды. Ағымдағы жылы 100 аула аумағын күрделі жөндеу және 70 аулаға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 130 аула аумағы қамтылады», — деді Алтай Рахымбетов.

Сонымен қатар, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша ТКШ жаңғырту жұмыстары аясында 28 көппәтерлі тұрғын үйге (КПТҮ) күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде 8 КПТҮ шатырлары, қасбеттері және инженерлік желілері жөнделді, 20 көппәтерлі тұрғын үйде 45 лифт ауыстырылды.

«Ауданда тарихи үйлер өте көп. Уақыт өте келе бұл үйлер біртіндеп сыртқы келбетін жоғалтады. Дәл осы үйлер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында конструктив, архитектуралық формалар өзгерген жоқ – тек қасбеттерді жөндеу және бояу жұмыстары жүргізілді», — деп түсіндірді әкім.

29 КПТҮ-де қасбеттерге ағымдағы жөндеу жүргізілді, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша бөлінген қаражат есебінен 24 қасбет жөнделді, инвесторлар 5 қасбетті жөндеді. Биылғы жылы КПТҮ жаңғырту бағдарламасы бойынша 39 КПТҮ жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Новости партнеров