Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен кездесті

twitter.com/sagintayev_b
twitter.com/sagintayev_b
Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Кездесу барысында Алматы мен Италияның өңірлері арасында көлік, құрылыс пен сәулет, инвестиция, туризм мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты, серіктестікті нығайту мәселелері талқыланған.

«Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Паскуале Д'Авиномен Алматы мен Италияның өңірлері арасында көлік, құрылыс пен сәулет, инвестиция, туризм мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты дамытып, серіктестікті нығайту мәселелерін талқыладық», – деп жазады Б. Сағынтаев.



Новости партнеров