«Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен кімдер марапатталды

18.09.2022 в 19:00

Марапатталғандар қатарында белгілі қоғам қайраткерлері, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино және әдебиет қызметкерлері бар

Қала әкімі Ерболат Досаев «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің сүйікті қаламыздың екі милионнан астам азаматының зор  энергиясы, креативтілігі, еңбекқорлығы мен өз қаласына деген сүйіспеншілігі – тұрақты және нық дамуымыздың негізі», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев. 

Марапатталғандар қатарында белгілі қоғам қайраткері, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино және әдебиет қызметкері бар.

«Қалаға еткен еңбегімді елеп, ескеріп, мынау аса құрметті атақты бергеніне қуанып тұрмын. Бұл жалғыз менің емес, шәкірттерімнің, әріптестерімнің еңбегіне берілген баға деп білемін. Шын көңілден рақмет айтамын! Алматы жылдан жылға жасарып, құлпырып келеді. Алматыға сырттан келіп қарасаң, шетелден келіп қарасаң, көзіңе оттай басылады. Мұндай қала жер бетінде жоқ. Сондықтан бұл қаланы мен де сүйем. Мерекең құтты болсын, туған қаламыз», – деді ақын, Алматы қаласының құрметті азаматы Жүрсін Ерман.

«Алматы қаласының құрметті азаматы»атағымен марапатталған азаматтардың тізімі:

1. Талапқали Әбішұлы ІЗМҰХАМБЕТОВ – Қазақ КСР-нің Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасының бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты.

2. Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШОВА – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр актрисасы.

3. Алтынбек Қоразбайұлы ҚОРАЗБАЕВ – Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген артисі, Қазақстанның халық артисі.

4. Асылы Әлиқызы ОСМАН – белгілі қоғам қайраткері. Тіл жанашыры. Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі. Көрнекті ғалым, профессор. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Мемлекеттік тіл – қазақ тілінің қолданыс аясының кеңеюіне үлкен үлес қосып келеді.

5. Жүрсін Молдашұлы ЕРМАНОВ – атағымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист, «Айтыс» өнерінің жанашыры, ұйымдастырушысы.

6. Зинаида Леонтьевна ФЕДОТОВА- мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері

7. Қайырлы Уатайұлы ЖОҢҚАБАЕВ – Ұлы Отан соғысының ардагері

8. Орынша ҚАРАБАЛИНА – ұстаз, тарихшы

9. Күпесбай Оразбайұлы ЖАМПЕЙСОВ – ¬мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші.

10. Любовь Владимировна НЫСАНБАЕВА– Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы,  президент Союза градостроителей Казахстана.