Қытай тауарларының көрмесі: Алматыда 100-ге жуық компания өз тауарларын таныстырады

elements.envato.com
elements.envato.com
Іс-шара 8-10 тамыз күндері өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде түңғыш рет Қытай өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылмақ. Сауда көрмесінде  аспан асты елінің 100-ге жуық компаниясы өз тауарын таныстырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іс-шара 8-10 тамыз күндері  Алматы қаласындағы Ақбұлақ сауда кешенінің маңайында өтеді.

Халықаралық көрме  Қытай мемлекетінің мәдени өлкесі саналатын Линьи қаласы партиялық комитетінің меншікті кәсіпорынының ұйымдастыруымен жүзеге асқалы отыр. Мұндай бастамалар тек сауданы ілгерілетіп қоймай, өзара достықты нығайтады дейді меймандар.

- Екі ел арасында бұған дейін де сауда байланысы жақсы болған. "Бір белдеу, бір жол" жобасын алғаш қолдаған да Қазақстан мемлекеті еді. Ары қарай да ұзақ мерзімді достық беки түседі деп үміттенеміз. Сондықтан баршаңызды «Линьи халықаралық тауар көрмесіне» шақырамыз, - дейді Қытай тарапының ұйымдастырушысы Ли Джен Жу.

Көрмеде электр құралдары, суару құрылғылары, құрылыс материалдары қойылады. Сондай-ақ, тұрмыстық техника мен кеңсе тауарларының өнімдері таныстырылмақ. Жалпы саны 1000-ға жуық экспонат көпке ұсынылмақшы.

- Біздің компания есік-терезе дайындауға арналған машиналар, алюминий кесетін станоктар өндіреді. Нарықта 2005 жылдан бері өнімімізді ұсынып келеміз.  Қазақстанға осы өндірістік кәсіпорынның өкілі ретінде келгеніме өте қуаныштымын, - дейді компания басшысы (қытай)Фан Дэ Ю.

Дәл осындай көрме бұған дейін Кенияда, Корея мен Ресейде ұйымдастырылған. Ал алдағы уақытта еліміздің бірқатар өңірінде өтеді деп жоспарланып отыр.  

Әйкерім Пернебек, Айғаным Ахунбай, Ғани Қалуов, "Алматы" телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыға жарты жылда 715 млрд теңге инвестиция тартылды

Новости партнеров