|
17.03.2023 | 14:06
5429

Қала аудандарында Наурыз қалай тойланады

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін мерекелік іс-шара барлық ауданда ұйымдастырылады

Қала аудандарында Наурыз қалай тойланады Фото ашық дереккөзден

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін мерекелік іс-шара барлық ауданда ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әуезов ауданында «Наурыз-2023» мерекелік іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданы әкімдігінің алдында өтеді (Алтынсарин, 23). Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама сол күні сағат 18:00-ден басталып, Әуезов ауданы әкімдігінің алаңында сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Алатау ауданында мереке 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 16:30-ға дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында өтеді.

Бостандық ауданында «Наурыз мейрамы» салтанатты іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Mega Center СОО амфитеатрында өтеді.

Жетісу ауданында «Наурыз тойы – 2023» мерекесін 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Гүлдер» саябағында өткізу жоспарланып отыр.

Медеу ауданында концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Ұлттық Ғылым Академиясының алдында жоспарланған.

Түрксіб ауданында «Наурыз мейрамы» мерекелік бағдарламасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Наурызбай ауданында «Наурыз той – 2023» концерті 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейін) өтеді.

Алмалы ауданында «Наурыз мейрамы» концерті 21 наурызда сағат 14:00-ден басталып, Mega Park СОО аумағында сағат 17:00-ге дейін жалғасады, сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир