Бақытты отбасы: Бостандық ауданындағы орталықта ашық есік күні өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл 12 адам тұрақты қызметке кіріскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы «Бақытты отбасы» орталығында ашық есік күні өтті. Медеу ауданында орналасқан  мекемеде көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік қызметкерлер кеңес берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәслихат депутаттары, аудандық әкімдік өкілдері мен білім және денсаулық сақтау басқармасының мамандары келушілердің көптеген сауалына жауап беріп, мәселені шешудің жолын көрсетті.  

– Бүгінде алматылықтар жиі жүгінетін орталықтың бірі – осы. Өтініш білдірген әрбір азамат өзін мазалаған мәселенің түйінін шешеді. Орталықта психологиялық, заң тұрғысынан сондай-ақ әлеуметтік қолдау табады, – деді қоғамдық кеңес мүшесі Рафаэль Гасанов.

Аталған әлеуметтік орталық бүгінде 9700 адамға ақпараттық, ресурстық қолдау көрсетеді. Одан өзге, бұл жерде шаштараз, аспаз, тігінші секілді қоғамға қажет мамандыққа баулиды. «Егер жақсы игеріп кетсе, жұмыс та тауып береміз» дейді мамандар. Биыл 12 адам тұрақты қызметке кіріскен.

– Тұрғындарды жұмыспен қамту үшін кәсіби дағдыларын қалыптастыру керек. Кәсіпорындармен, шағын ұйымдармен келіссөз жүргізе отырып, жұмысқа орналасуға жәрдемдесеміз. Біздің орталықтан алған білімі мен кәсіби тәжірибені шыңдап, жетілдіру, әрине адамның өзіне байланысты, – деді ҚР Дағдарыс орталықтары одағының басқарма төрағасы Зүлфия Байсақова.

Новости партнеров