Алматыда қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгерді

18.10.2020 19:19

Енді троллейбус Абай көшесінен Байтұрсынов-Гоголь-Сейфуллин-Мақатаев шаршысын аралап қайтадан Байтұрсынов көшесіне түседі

stan.kz

Алматыда қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«17 қазанда «Талап Т» ЖШС қарасты №7 маршрутына өзгеріс енгізілді. Енді бұл маршрут Мақатаев көшесінен Қайырбеков көшесіне бұрылып, Гоголь көшесіне дейін жүретін болды», – деді Алматы көлік холдингінен. 

19 қазаннан бастап «Мадина» ЖШС қарасты №25 маршрутына өзгеріс енгізіледі. 

Енді троллейбус Абай көшесінен Байтұрсынов-Гоголь-Сейфуллин-Мақатаев шаршысын аралап қайтадан Байтұрсынов көшесіне түседі. 

Сонымен қатар, аталған маршруттың соңғы аялдамасы да басқа нүктеге ауыстырылды.