Балабақша, футбол, спорт алаңы: қала күніне орай Алматыда жаңа әлеуметтік нысандарының ашылуы болды

20.09.2020 в 19:26

№ 191 жаңа балабақша «Асыл Тау» ТК-інде орналасқан

Алматыда Қала күніне орай Бостандық ауданында жаңа балабақша, футбол, баскетбол, спорт және балалар алаңдары ашылды. Сондай-ақ Алмалы ауданында студенттерге қызмет көрсету орталығы (СҚКО) ғимараты, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған спорт залы мен оқу-өндірістік кешені салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

№ 191 жаңа балабақша «Асыл Тау» ТК-інде орналасқан. Гагарин даңғылы, Абай даңғылы, Үлкен Алматы өзені, Жандосов көшесі квадратында жаңа балабақша салу қажеттілігі туындағанын атап өткен жөн. Осылайша, мектепке дейінгі білім берудің жаңа мекемесі мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі орын тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.

Балабақшада тыныс алу  ауруларын емдеуге пайдалы тұз бөлмесі, балалардың моторикасын жақсартуға арналған реллакс бөлмесі мен кабинет және үлкен музыка залы бар. Ойын және жатын бөлмелері бар 6 топ бар.

Бүгінгі күні Бостандық ауданында 10 621 баланы қамтитын 108 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, мектепке дейінгі мекеме тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2020 жылдың басынан бастап 670 орынға арналған төрт мемлекеттік балабақша пайдалануға берілгенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін 5 жыл ішінде қалада 419 мектепке дейінгі ұйым салу жоспарлануда. Оның ішінде 413-і мемлекеттік және 400-і жеке меншік. Жалпы орын саны — 19 980 болмақ. Сондай-ақ, 6 балабақша сейсмикалық  нығайтылып, күрделі жөндеуден өтетін болады.

Сонымен қатар, Бостандық ауданы, Көктем-1 шағынауданындағы футбол, балалар мен спорт алаңының құрылысы аяқталды. Бұрын бұл жерде автотұрақ болғанын айта кету керек. Жерді жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін аумақ екі жылдан астам уақыт бойы қараусыз қалған. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша абаттандыру, тұрғындарды  спортқа тарту, аудан тұрғындарының салауатты өмір салты үшін, белсенді демалыс және спортпен айналысу үшін орындар ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Енді осы ауданның жастары үнемі және тегін футбол мен баскетбол ойнап, тренажерлармен айналыса алады. Ал ата-аналары балаларымен демалып, тыныш жерде ойнай алады.

Аумақта футбол алаңында 924 ш. м жасанды газон, баскетбол, спорт және балалар алаңдарында 1100 ш. м резеңке жамылғы, 11 дана спорттық тренажерлер, үстел теннисін ойнауға арналған үстел және шахмат ойнауға арналған күркелер, 12 дана балалардың шағын сәулет нысандары орнатылды. Сондай-ақ, учаскені және оған іргелес аумақты абаттандыру кезінде 3400 ш. м асфальт жабыны, 730 ш. м көгалдар төселді.

22 дана жарық бағандары, 14 орындық, 10 қоқыс жәшігі орнатылды.

Балалар алаңында 20-дан астам спорттық тренажерлер мен шағын сәулет нысандары орнатылды. Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, өскелең ұрпақты спортпен жаппай қамтуды жүзеге асыруды қажет ететін басым міндеттердің бірі деп атап өтті.

Сонымен қатар, қала күніне орай студенттерге қызмет көрсету орталығының (СҚКО) ғимараты, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған спорт залы және оқу-өндірістік кешені Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 100 үй, А. Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқан.