|
21.12.2023 | 14:29
896

Алматыда жаңадан үш саябақ ашылады

Екі жылда мегаполистегі саябақтардың ауданы 400 гектарға ұлғайды

Алматыда жаңадан үш саябақ ашылады Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Екі жылдың ішінде Алматыдағы саябақтардың ауданы 400 гектарға ұлғайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев ОКҚ брифингінде айтты.

Алматыдағы ықшамаудандарда, яғни Өжет, Кемел және Боралдай өзенінің бойында 3 жаңа саябақ салу көзделіп отыр. Сондай-ақ қолданыстағы 3 саябақ аймағын -  Баум тоғайын, ҚР Тұңғыш Президенті саябағын, Үлкен Алматы өзенінің жағалауын қайта жаңарту және абаттандыру жоспарда бар.

Қала басшысы атап өткендей 2022-2023 жылдары саябақ аумағының ауданын 397 гектардан 977 гектарға дейін кеңейтіп, 2024 жылы 1 080 гектарға дейін ұлғайту көзделеді. 

Биыл ауданы 64,8 га 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылды, оның ішінде Оқушылар сарайы, ҚБТУ, Байсейітова көшесі, Желтоқсан саябағы, Көкмайса ықшамауданы, әуежайдың Даңқ алаңы бар.

Соңғы 50 жылдың ішінде алғаш рет Сайран көліне механикалық тазарту жүргізіліп, жағалауын абаттандыру мен жасыл қоғамдық кеңістік құрылысы басталды. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға беріледі.

Оұи отырыңыз: Алматыда су қоймасының құрылысы басталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир