Алматыда техникалық байқау станцияларының жауапкершілігін күшейту ұсынылады

22.08.2023 19:29

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты

ашық дереккөзден

Ауа сапасы мәселесі Алматы үшін аса маңызды болып қала береді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте әкім Ерболат Досаев автокөлікті техникалық байқаудан өткізудің қазіргі тәртібі белгіленген экологиялық нормалардың бұзылуына әкеп соқтыратынын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондықтан, оның айтуынша, техникалық байқау станциялары қызметінің рұқсат беру тәртібін енгізу және олардың жауапкершілігін күшейту ұсынылып отыр.

«Жалпы, автокөлік отынының сапасын бақылауды күшейту, автомобильдердің пайдаланылған газдарын автоматты режимде бақылау бойынша халықаралық тәжірибені енгізу, шығарындылары төмен аймақтарды құру ұсынылады. Алматы қаласының мәслихатына атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын бекіту жөніндегі құзыретті беру ұсынылады. Үкіметтен Алматы қаласы әкімдігінің бастамаларын қолдауды сұраймыз», - деді Ерболат Досаев.