Алматылық оқушы қыздар мереке күні метрода тегін жол жүре алады

06.03.2021 19:30

Күні бойы сапар саны шектелмеген

Фото: trainspo.com

8 наурыз күні оқушы қыздар Алматы метросында тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Almaty.tv метрополитеннің әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Акция Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «QAZBILIM» республикалық орталығымен бірлесіп өткізілмек. Басты мақсат – оқушылардың білімге деген қызығушылығын ояту және сапалы білім алуға шақыру.

Мектеп жасындағы кез келген қыз Алматы метросының кез келген станциясында тегін жетон алып, қалаған жеріне бара алады. Күні бойы сапар саны шектелмеген.