Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында мешіттегі имамдардың алар орны ерекше. Олар халықтың дәстүрлі діннен адаспай, жат ағымға ілесіп кетпеуіне ерекше ықпал етуі керек. Осы орайда Алматыда имамдардың біліктілігін арттыруға арналған арнайы курс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv
Үш күнге созылатын «дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы діни қызметкерлердің ықпалы» атты шарада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің мұғалімдері дәріс оқиды. Ұйымдастырушылар оның маңыздылығына тоқталып, мұндай курс имамдардың тәжірибесін арттыруға көптеп септігін тигізеді дейді.
«Нұр-Мүбарак университетін таңдауымыз бекер емес. Өйткені осы университеттің базасын, оқытушыларын пайдалана отырып бүгін осы діни оқу орында таңдалып отыр. Оған Алматы қаласындағы әр түрлі санаттағы 100 имам қатысуда»,– деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан.
«Осы имамдарымызды үш күн оқытып, одан кейін біз жылдың соңына дейін қала мешіттерінде 400 іс-шара өткіземіз. Сол мешіттерде, курсант біліктілігін арттырған адамдар өздері жүргізетін болады»,– деді қалалық дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Ерғалы Көшеке.