|
07.08.2023 | 12:16
789

Алматының Алмалы ауданында балалар алаңы ашылды

Игі бастамаға жергілікті әкімдік мұрындық болып отыр

Алматының Алмалы ауданында балалар алаңы ашылды Almaty.tv

Заманға лайық спорттық жабдықтар, воркаут аймақ, ыңғайлы әткеншектер. Алматының Алмалы ауданында бірнеше балалар алаңы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі бастамаға жергілікті әкімдік мұрындық болып отыр. Шаруаны жүзеге асыруға қажет қаржы «Аула аумағын күрделі жөндеу» жобасы аясында бөлінген. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындардың барлық талап-тілегі ескеріліпті. Жаңадан бой көтерген 10 алаңның үшеуі Шевченко көшесіндегі 123-үйдің маңайында орналасқан және балалардың жас ерекшелігіне қарай жасақталған.

– Менің бұл үйде тұрып жатқаныма 37 жылдан асты. 1990 жылдың басында ауламызға ағаштан жасалған балалар алаңы салынған. Ол өртеніп кетті. Мұндағы темір әткеншектің де тозығы жетіп, алынып тасталды. Содан бері бұл жерде ештеңе болмаған. Қазір, міне, аудан әкімдігі сұрауымызды елеп, заманға сай алаң салып берді. Балалардың қуанышында шек жоқ. Біз де ризамыз! – деді Алмалы ауданының тұрғыны Марина Пак

Айта кетейік, биыл Алмалы ауданындағы 50 аулаға жөндеу жүргізіледі деп жоспарланған. Оның 11-і «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске аспақ. Қолға алынған шаруа аясында көлік тұрақтары, спорт және балалар алаңы қалпына келтіріліп, жолдарға асфальт жабындысы төселеді, аулалар абаттандырылады.

Оқи отырыңыз: Алматының қай ауданында суық су уақытша ажыратылады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир