Нәзік жандардың қоғамдағы орны бөлек. Осылай деген Түркия Республикасының Алматыдағы консулдығы мереке қарсаңында іскер әйелдердің басын қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бауырлас ел өкілдері тарихтан мысалдар келтіріп, әйел затының қоғамдағы рөліне тоқталды. Іс-шараның қонақтары ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, достық қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.
«Екі ел арасындағы достық қарым-қатынас ерекше мәнге ие. Қазақстанда өткен әр күнім қуанышқа толы болды. Сондықтан ыстық лебізімді жеткізіп, барша қазақ әйелін төл мерекесімен құттықтаймын. Нәзік жандардың қоғамда үлкен рөлге ие екені де даусыз», - деді Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулының өкілі Хюлья Акынджы.
«Біздің қоғамда да әйел белсенділігіне деген қарым-қатынас толерантты деп ойлаймын. Сондықтан қоғамдағы әйел белсенділігін арттыру, қолдау көрсету маңызды», - деді Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай.