Алматы қаласының әкімдігі туристік автобустарға арналған тұрақтар ұйымдастырылатынын айтты

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен
Тұрақтар қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарын қамтиды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаламыздың туристік инфрақұрылымын дамыту бойынша жасалып жатқан кешенді жұмыстардың шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі туристік автобустарға арналған тұрақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай инфрақұрылымның қажеттілігі туралы мәселені қаламыздың туроператорлары көптен бері көтеріп келген.

Тұрақтар қаламыздың тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды деген орындарын қамтиды. Соның ішінде:

1. Республика алаңы (Сәтпаев көшесіндегі тұрақ). Бұл жерде еңселі еліміздің еркіндігінің нышаны болған «Тәуелсіздік монументі» орналасқан. Сондай-ақ, қаламыздың саяси орталықтары – Алматы қаласының әкімдігі, Президент резиденциялары осында.

2. Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

(Зенков көшесіндегі тұрақ). Бұл нүктеде туристер 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағында серуендеп, Вознесенск кафедралы шіркеуі, Даңқ мемориалымен таныса алады.

3. М.О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры (Абай даңғылындағы аялдама). Бұл жерде туристер «Жас Отау» неке сарайы және Қазақ мемлекеттік циркі ғимараттарымен таныса алады.

4. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағы

(Дулати көшесіндегі тұрақ). Дендросаябақта алғашқы ағаштардың бірін (емен) Елбасы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2001 жылы өзі отырғызған.

Қаламызды туристер үшін ең тартымды әрі қолайлы ету мақсатындағы жұмыстар жалғасатын болады.

Новости партнеров