Іс-шараға әр ұлттың мәдени орталығы қатысты
Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күнін тойлауда Алматыдағы Достық үйі де қалыспады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға әр ұлттың мәдени орталығы қатысты. Мереке аясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс өткізіліп, тағамдар фестивалі ұйымдастырылды. Ал арнайы дайындалған «Наурыз» концерттік бағдарламасы келген көпшілікті қуанышқа бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Наурыз мейрамы – Қазақстанда өмір сүріп жатқан этностардың ұйытқысы. Бүгінгі мейрам бір-бірімізді қосып, қазақстандықтарды алға бастайды. Жаңа жыл қазақ жерінде бақыт әкелсін! Қазақстанның аспаны әр уақытта бүгінгідей ашық болсын», – деді Ұлттық құрылтайдың мүшесі Шаймардан Нұрымов.