Қыс кезінде «Алматы тазалық» кәсіпорны 704 мамандандырылған техниканы жұмылдырады
«Алматы тазалық» кәсіпорны қыс маусымына дайын. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке кәсіпорын директоры Әділет Тоқтасынов қатысты. Ол тазалау техникалары мен жұмысшылардың қазіргі дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ӨКҚ-ға сілтеме жасап.
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы тазалық» кәсіпорнының директоры Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, қыс кезінде кәсіпорын 704 мамандандырылған техниканы (612 бірлігі жекеменшік және 92 бірлігі қосалқы мердігерлер) жұмылдырады.
«Қазіргі уақытта 173 құрамалы тазалау машиналарының 156-сы (90%) жолдарды қыста күтіп ұстауға арналған қондырмалармен ауыстырылды. 8 және 16 қарашада жауған қар кезінде 2105 тонна техникалық тұз және 1998 тонна құм-тұз қоспасы жұмсалды. Қала көшелерінен қар үйінділеріне 388 м3 қар шығарылды», - деді ӨКҚ спикері.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қысқы маусымға кәсіпорынның 728 жол жұмысшысы, 272 механизатор және 398 жүргізушісі жұмылдырылады (кәсіпорынның жалпы штат саны 1728 адам). Сонымен қатар, күзгі-қысқы кезеңге қосалқы мердігерлер есебінен қала көшелеріндегі жапырақтар мен қарды тазалау және шығару үшін 1000-ға жуық жол жұмысшыларын және 200-ге жуық арнайы техниканы (самосвалдар, алдыңғы тиегіштер)тарту жоспарланған.
Сондай-ақ «Алматы тазалық» мекемесінің директоры кәсіпорынның 7 өндірістік базасы, сондай-ақ 7 құм базасы бар екенін айтты. Олардың барлығы қажетті материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталған.
Жол бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен себу үшін 15 мың тонна тұз және 38 мың тонна сүзгі сатып алу жоспарланған, оның ішінде 17 мың тоннаға жуық тұз және 38 мың тонна тұз қалдығы дайындалды. Қосалқы мердігерлер 2124 тонна тұз, 9700 тонна тұз қалдығын дайындау жоспарлап отыр.
«Қазір 17 мың тоннаға жуық тұз бен 38 мың тонна құм дайын. Олар көшелерге көктайғақ кезінде себіледі. Қосымша қор жинап қою да жоспарымызда бар. Сондай-ақ жыл соңына дейін көше жолдарын тазалау үшін тағы 17 ауыр техника аламыз» Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Дулат Ашкенов.
Сөз соңында ӨКҚ спикері биылғы жылы кәсіпорын есебінен 263,6 млн.теңгеге 22 техника сатып алынғанын қосты. Бұл трактордың жартылай тіркемесі, битум пеші және т.б