|
18.10.2021 | 14:42
1108

Әуезов ауданында айрықша акция аясында сенбілік өтті

Науқанға қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын аудан тұрғындары атсалысты

Әуезов ауданында айрықша акция аясында сенбілік өтті Almaty.tv

Әуезов ауданында «Бірге-таза Қазақстан» акциясының аясында сенбілік өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.     


Науқанға қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын аудан тұрғындары атсалысты. Бірі қаланы қоқыстан тазартса, енді бірі ағаштар отырғызды. Осылайша, тұрғындар мен шараға қатысқандар өздері отырғызған әр түп ағашы өскелең ұрпаққа аманат деп ойларын жеткізді.  

«Керемет! Қазан айында, Алматының төрінде, Алатау бөктерінде Әуезов ауданының бастамасы, іс-шарасы – ағаш егу. Міне, ағаш егу – табиғатқа сулулық сыйлау. Өткенге салауат, бүгінге қанағат, ертеңге аманат ете білу керек. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы осындай бүгінгі ағаш егумен басталып жатыр», – деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров.

«Бұл акцияға бүгін қатысқанымызға қуаныштымыз. Осы Әуезов ауданының тұрғынымыз. Міне бірнеше ағаш отырғызылды. Осындай іс-шаралар Алматы қаламызда көп болса», – дейді қала тұрғыны Закида Тастенбекова.

«Бабын тап та, бақ өсір» демекші, аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілікте 70-ке жуық ағаш отырғызылды. Аудан әкімінің айтуынша жыл соңына дейін тағы да 3 мың 600 көшет егілмек.  

«Алматы қаласында баршаңызға белгілі, ағаш отырғызу акциялары жиі ұйымдастырылады. Жалпы, Әуезов ауданында бүгінде Үлкен Алматы өзенінің жанында, «Сайран» су қоймасының жоғары жағында ұйымдастырып жатырмыз. Алматы қаласының тұрғындарын осындай акцияға қатысуға шақырамын», – деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир