ЖОО-да жемқорлық дерегі тіркелсе, ректор жауап береді – министр

ЖОО-да жемқорлық дерегі тіркелсе, ректор жауап береді – министр
Алматыда жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі жоғары оқу орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы талап күшейтілді. Бұдан былай, оқытушылар арасында жемқорлық жағдайы тіркелетін болса, ректордың өзі тікелей жауап береді. Тіпті, жұмыстан босатылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен республикалық кеңес кезінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.    

Министрмен қатар, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев және еліміздегі жоғарғы оқу орындарының ректорлары, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық бас қосқан жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді.

Алматыға жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов бұл құжаттың негізгі бағыттарын айтты.

«Transportation Іnternational» жобасының дерегіне сәйкес, елімізде білім саласында сессияны пара беріп шешу 64 пайызды көрсетіп отыр. Қазір ақша беріп өткен адам ертең қандай маман болады? Бұл өзекті сұрақ. Сол себепті бүгінгі қабылданған концепцияның басым бағытын осы білім саласына арнадық», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі мектептер мен жоғары оқу орындарында тапсырылатын емтихандар біртіндеп электронды форматқа ауыстырылып жатқанын хабарлады. Бұл жемқорлық фактісінің азаюына мүмкіндік береді дейді министр. 

«2 жыл бұрын 120 мың бала Ұлттық біріңғай тестін тапсырған еді. Емтихан кезінде біз олардан 128 мың ұялы телефон таптық. Ал өткен жылы электронды тест тапсыру форматын енгізгелі 130 мың баладан 2500 гаджет шықты. Нәтижесі жер мен көктей», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Новости партнеров