Алматы аудандарының әкімі көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді

пресс-служба акимата Алматы
пресс-служба акимата Алматы
Әкім 121 мәселені шешті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге сәйкес, 2023 жылдың мамырында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуге барлығы 119 көпбалалы отбасы келді, әкім 121 мәселені шешті. Оның 77-і бойынша түсініктемелер берілді, кездесулерден кейін 33 мәселе пысықталды, тағы 11-і жұмыс жүруде.

Негізгі мәселелер:

• тұрғын үй алу (кезекке қою) – 26 (21%);

• білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға, секциялар мен үйірмелерге орналастыру, мектеп формасы,) - 30 (25%);

• денсаулық сақтау – 15 (12%);

• әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық-түлік жинақтары) – 17 (14%);

• ТКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) - 7 (6%);

• жұмысқа орналасу және бизнес гранттары-8 (7%);

• Басқалары – 18 (15%).

Қала әкімдігі 2023 жылғы маусымға аудан әкімдерінің қаланың көпбалалы аналарымен кездесуінің тиісті кестесін бекітті.

Еске салсақ, бұған дейін аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтінішке байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесуін ұйымдастыруды тапсырған болатын.


Новости партнеров