Алматыда 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл мегаполистегі барлық экономикалық белсенді халықтың 79,6%-ын құрайды. Мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ, деп Ranking агенттігі өз зерттеулерімен бөлісті.
Салыстырмалы тұрғыда: Астанада осыған ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халықтың ШОБ жұмыспен қамтылғандарының үлесі 72,8%-ды құрады. Еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Шымкентте бұл көрсеткіш жартысына да жеткен жоқ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі 30%-дан да төмен. Бұл халықтың ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігін көрсетеді, бұл жалпы өңірлердің экономикасы үшін де қауіпті.
Елімізде 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-пен 4,1 млн адам қамтылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артық. Алматыдан басқа, жұмыспен қамтылғандардың саны Астанада – 499,4 мың адам және Түркістан облысында – 279 мың адам.