Алмалы ауданындағы негізгі мәселе – электр жарығымен толық қамтамасыз етілмеген. Соның салдарынан аталған аумақта ескірген, тозған желілер авариялық деңгейде жұмыс істеп тұр. Мәселені назарға алған Алматы әкімі Ерболат Досаев тез арада шешім шығарып, апаттан аман сақтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биыл Алмалы ауданында 240 апат болған. Бұл – тек электр желілері бойынша тіркелген жағдай. Жауаптыларға тиісті міндет жүктеген әкім жаңа жылға дейін 70 пайыз ескірген желіні жаңартуды тапсырды. Өз кезегінде тұрғындар әлеуметтік сала мен аудан инфрақұрылымына қатысты сұрақ қойды.
«Біздің аулаға жөндеу жұмыстары қажет. Асфальт, ойын алаңы керек, үйдің жоғарғы тұсы тас қараңғы. Футбол алаңы жарамсыз. Балалрдың ойнауына мүмкіндік жоқ. Арнайы өтінішпен келіп тұрмын, шешімін таблса жөн болар еді», – деді қала тұрғыны Айгүл Нұрғалиева
«Енді айтып жатсыздар ғой, балалар бар деп. Дауыс беріңіздер. Мен қаражат бөлдім. Бірақ естіп жатсыз ғой, басқа жобалар да бар. Қатысып, дауысты көбірек жинап, жеңсеңіздер, жобалар қатарына қосамыз», – деді қала әкімі.
Кездесуге келген тұрғындар жауапты мамандардан да тікелей жауап алды. «Көтерілген мәселе жауапсыз қалмасын» деген әкім көптің сұрауы бойынша арнайы тексеру жүргізетінін де жеткізді.
«Мен сол компьютерлерді тексеріп шықтым. Бәрінің 1 жыл бұрынғы сапасы төмен компьютерлер. Неге? Қазір 2022 жыл, 21 ғасыр. Сіздер осы проектімен 17 мектеп салдыңыздар? Қалай?», – деді қала тұрғыны Әсет Оңалбаев.
«Онда былай істейік. Бейбіт Марақанұлы, қағаздарың қайта қараңыздар. Өткен жылы салынған ғимараттарда қандай құрғылар қойылған? Уақыт берейін, 2 жетінің ішінде мағанне бар, не жоғын айтыңыздар», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Сұрағын бүгінгі кездесуде қоя алмаған тұрғындар жазбаша сауал қалдырды. Ендігіде, ел ескертуі есепке алынып, жауап жолданады дейді әкімдік өкілдері. Айта кетейін, өткен кездесуде берген 47 хаттамалық тапсырманың бүгінгі таңда 37-сі орындалып отыр.
Мадина Оқас, Сағынғали Мұңайтбасов, «Алматы» телеарнасы