Ертең, сағат 11:00-де «Алматы» телеарнасында Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты іс-шара видеоконференция режимінде болады. Аудан тұрғындары өздерінің сауалдары мен талап-тілектерін алдын ала WhatsApp номеріне +7 700 300 20 97 жазып, жедел желі номеріне +7 727 299 86 72 хабарласа аласыздар.
Есеп беру кездесуін «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінен, онлайн режимде сайтынан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары YouTube, Facebook-тан көре аласыздар. Барлық сұраққа толыққанды жауап беріледі.
2021 жылдың 1-10 ақпан аралығында Алматы қаласының барлық 8 аудан әкімінің онлайн режиміндегі есеп беру кездесуі өтеді.
Алматының барлық аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулерінің кестесі:
1 ақпан күні сағат 11:00-де Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков
2 ақпан сағат 11:00-де Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай
3 ақпан сағат 11:00-де Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов
4 ақпан сағат 11:00-де Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов
5 ақпан сағат 11:00-де Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева
8 ақпан сағат 11:00-де Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев
9 ақпан сағат 11:00-де Алмалы ауданының әкімі Серік Құсайынов;
10 ақпан сағат 11:00-де Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров.