Алматының бірнеше ықшамауданында суық су болмайды

06.10.2020 19:52

Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі

kashira.ru

Алматыда Әуезов ауданында қарасты бірқатар тұрғын үйлер суық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Алматы су» МКК мәліметіне сәйкес, бұл шектеулер жаңа су құбырларын орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосу және желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін қажет.

«8 қазан күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Достық», «Дубок», «Қуаныш», «Мамыр - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7», «Таугүл», «Таугүл-1», «Таугүл-2», «Тепличный», «Школьник», сонымен қатар Жандосов – Саин – Торайғыров – Үлкен Алматы өзені, Жандосов – Саин – Шаляпин – Яссауи көшелері қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады», – делінген хабарламада.

Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.