Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады
Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу маусымын бүгінгі күннен, яғни 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мақажанов өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады.
Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын.
«Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылады. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгінгі күннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады», – деп жазады Ә. Мақажанов.
Қалада барлығы білім берудің – 144, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)28 Сен 2020 в 1:43 PDT