Алматыда ШОБ жұмысын қалпына келтіру процесі бұрынғы қалпында қалады

Алматыда ШОБ жұмысын қалпына келтіру процесі бұрынғы қалпында қалады
24 тамызға дейін бақылаушы топтар тиісті шараларды сақтамағандарды әкімшілік жауапқа тартпайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ШОБ жұмысын қалпына келтіру процесі бұрынғы қалпында қалады. Қадағалау үшін бейне бақылау мен қоғамдық топтар іске қосылады деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында 17 тамыздан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысын жаңғырту мәселелері бойынша брифинг өтті.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов,  шағын және орта бизнес нысандары үшін жұмысты қайта бастау процесі  бұрынғыдай қалып отырғанын айтты. Ол үшін сандық қолтаңба арқылы тиісті сайтқа кіріп, жұмыс істеуге дайын кәсіпорындарға қойылатын барлық талаптар жазылған санитарлық төлқұжат жоспарын алу қажет. Барлық ақпарат қызметкерлерге, жұмыс ұжымына толыққанды түсіндірілуі тиіс. Сонымен қатар , 24 тамызға дейін бақылаушы топтар тиісті шараларды  сақтамағандарды әкімшілік жауапқа тартпайды. Яғни санитарлық паспорт жоспарында көрсетілген барлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін жеткілікті уақыт беріледі деген сөз.
Мұндай тәсіл бұрын  жұмыс істеген-істемегеніне қарамастан, барлық ШОБ обьектілерін  қамтитын болады. Заң бұзушылықтар болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Карантин режимін жеңілдету –  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауда босаңсуға болады дегенді білдірмейді.

Көптеген кәсіпорындардың ашылуына байланысты, СЭС талаптарының сақталуына,  олардың жұмысқа дайындығын тексеретін жұмыс топтарынан басқа, қоғамдық бақылау кеңінен қолданылатын болады. Ол Қаланың бас санитарлық дәрігері белгілеген нормалардың сақталуын бақылауға арналған іс-шаралардың құрамдас бөлігі болады.

Сонымен қатар, негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға санитарлық нормаларды (маска режимі, әлеуметтік қашықтық, дене қызуы) қадағалайтын бейнемониторинг-бейне бақылау іске қосылады. Осы міндеттерді атқару мақсатында, «Qolday» ҚО-ның базасында, «Қазақтелеком» АҚ серверлік қуаттарына қосылған  орталық құрылды. Қазіргі уақытта 61 бизнес нысаны инспекция талабынан өтіп, оның 29-ы бейне бақылау жүйесіне (қосымша тағы 21 нысанды қосу көзделуде) қосылды. Бұл жүйе одан ары бейне бақылаудың типтік картасына тіркеледі. Нәтижесінде жоғарыда атап өткен бақылау топтарының жұмысы жеңілдейтін болады. Дәмхана және қызмет көрсететін басқа да салалардың жұмыстарына тәртіпті қатаң сақтау  талап етілетін болады, өйткені ол жерлер адам көп шоғырланатын орындар болып табылады.

Новости партнеров