Қарағайлы шағынауданындағы Французский дом тұрғын үй кешені рұқсат құжатынсыз салынып жатыр. Әрі меншік иесі шаруа қожалығын жүргізуге арналған жер телімінде тұрғын үй кешенін салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімдігі алматылықтарды бұл тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алмауға шақырады.
Қала құрылысын бақылау басқармасы шілде айында нысанды жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша меншік иесі ӘҚБтК-нің 316-баптың 1 бөлігі, 321 бап бойынша жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар, аталған заң бұзушылықты 19.10.2022 жылға дейін жою туралы бұйрық шығарылды. Бұйрық мерзімі өткен соң оны орындау үшін қайта тексеру тағайындалды, қазір құжаттары прокуратурада тіркеліп жатыр.
Сонымен бірге, басқарма құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге және салынып жатқан жылжымайтын мүлікті сатуға алдын ала шарт жасасуға тыйым салу туралы талап-арызды сотқа жолдады.
Айта кетсек, басқарма +7 (727) 229-81-36 нөмірлі сенім телефонын іске қосты, бұл арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттарының бар-жоғын тексеруге болады.