Алматыдағы жекеменшік балабақшаларда орын саны 20 мыңға ұлғайтылады

12.09.2022 19:57

Бұл мемлекеттік тапсырыс нәтижесінде іске асады

tengrinews.kz

Алматыдағы жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс 20 мың орынға ұлғайтылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"2025 жылға қарай 15 мың орынды, 2030 жылға қарай 5 мың орынды орналастыру жоспарланған, жалпы мемлекеттік тапсырыс 20 мың орынға ұлғайтылатын болады", – делінген Алматы қаласын дамыту бағдарламасында.