|
23.04.2021 | 14:58
2733

Алматыда инвестициялар ағыны бірінші тоқсанда 35 пайызға ұлғайды

Спикер инвесторлар 5 салаға ең көп сенім артып, қаржы құятынын атап өтті

Алматыда инвестициялар ағыны бірінші тоқсанда 35 пайызға ұлғайды

Инвесторлар ең көп қаражатты жылжымайтын мүлікке, көлік, өнеркәсіп және қаржы-сақтандыру қызметіне салады. Инвестиция көлемі бойынша Алматы Атырау облысынан кейін екінші орында тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингі барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Е. Оразалиннің айтуынша, карантиннің шектеу шараларына қарамастан, 1-тоқсанның қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 34,5% өсіммен 191 млрд теңгені құрады.

Инвестициялар үш кіріс көзінен тартылды, олардың негізгі үлесі кәсіпорындардың меншік иелеріне тиесілі – 68,8%, ал бұл 131,5 млрд теңге, қарыз қаражаты - 17,4% - 33,1 млрд теңге және мемлекеттік бюджет-13,8% (26,4 млрд тг.).

Спикер инвесторлар 5 салаға ең көп сенім артып, қаржы құятынын атап өтті. Олардың арасында:

- жылжымайтын мүлік – 82,9 млрд теңге

- көлік және қаттау – 25,6 млрд теңге

- өнеркәсіп – 15,1 млрд теңге

- қаржылай және сақтандыру қызметі – 14,7 млрд. теңге

- ақпарат және байланыс – 8,1 млрд.теңге

Еркебұлан Оразалин 2021 жылға арналған жоспарлар туралы айтты. 9,5 мың жұмыс орнын ашу, 362,1 млрд теңге сомасына 86 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Алматыда «Демеу қоры» АҚ 18 млрд.теңге сомасына балет театрының құрылысы басталады. 10 млрд теңге жұмсалып, «Jetisy» көпфункционалды қонақ үй кешені салынады және «Алмалы" СОО 7 млрд теңгеге қайта жаңғыртылады», – деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.

Алматыға инвестиция салу тиімді, өйткені қалада бизнеске қолайлы жағдайлар жасалған. Қала экономикасына қаржы құятын кәсіпкерлерге мемлекеттік органдар тарапынан қолдау көрсетіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир