Алматы базарларының аумағындағы заңсыз құрылыс алаңы шамамен 350 шаршы метр. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс жүргізілген тексерулердің нәтижелері базарлардың меншік иелері құрылыс жүргізуге тіпті жер учаскелеріне рұқсат құжаттарының жоқтығына қарамастан, жалпы сауда алаңын заңсыз ұлғайта отырып, сауда павильондарын тұрғызғанын көрсетті.
Пайда табу үшін меншік иелері павильондарды жалға заңсыз берген әрі олардың заңсыз екенін жасырған.
Бүгінде жұмыс істеп тұрған 60 базардың ішінен 37 базардың заңсыз екені анықталды, оларға әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, заңсыз павильондар салу есебінен базарлардың жалпы сауда алаңы едәуір ұлғайған.
Мәселен, олардың 7-і бойынша ішінара бұзу туралы сот шешімі бар, олар мына базарлар:
- «Кәрім», заңды тұрғызылған сауда объектілерінің жалпы ауданы 900 м2 құрайды, бұл ретте заңсыз тұрғызылған объектінің көлемі 480 м2;
- «Көтерме сауда» базары, жалпы ауданы 15000 м2 құрайды, оның ішінде заңсыз объектілер 6000 м2 , мемлекеттік қордың жерлерін басып алу көлемі - 638 м2;
- «Арыстан», жалпы сауда алаңы 7 753 м2, заңсыз объектілер 2143,37 м2; мемлекеттік қордың жерлерін басып алу көлемі - 505 м2;
- «Тигрохауд», жалпы сауда алаңы-7075 м2, заңсыз объектілер 3307,4 м2, мемлекеттік қордың жерлерін басып алу көлемі - 875 м2;
- «Үш қоңыр», жалпы сауда алаңы-6200 м2, заңсыз объектілер 4997 м2, мемлекеттік қордың жерлерін басып алу көлемі - 1242 м2;
- «Семиречьеу-Жетісу», жалпы сауда алаңы - 142 034 м2, заңсыз объектілер 54 732 м2;
- «Бак орда», жалпы сауда алаңы - 76 530 м2, оның ішінде заңсыз объектілер 6000 м2.
Осылайша, жоғарыда аталған базарлардың меншік иелері заңсыз павильондар есебінен жалпы сауда алаңын орта есеппен үштен бірге ұлғайтқан.
Қазіргі уақытта «Бак орда» және «Көтерме сауда» базарлары бойынша заңсыз салынған сауда объектілерін сүру басталды. Тағы 30 базар бойынша сот органдарына талап-арыздар берілетін болады.