Қаржы пирамидасы: күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Ол Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаржы пирамидасын құрған және басқарған деп айып тағылған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бас прокуратураның ақпарына сай, қылмыстық топ 2020 жылы 600-ден астам салымшының 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген. Енді ол кінәсі толық дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түріне сотталды. Ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған. Соған байланысты халықаралық іздестіру жарияланды. 2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР Бас прокуратура өкілі Әсел Берқалиева.

Оқи отырыңыз: Флюорографияға жазылыңыз: алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Новости партнеров