Қала әкімдігі тарапынан «Алматы 3.0» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10 млрд тг бөлінгенін атап өтті
«Алматы Жастары 3.0» бағдарламасының аясында 188 тұрғын жеңілдетілген шарттармен пәтер алды.
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты Басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев және Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Алматылық филиалы директорының орынбасары Данагүл Тілеуберліқызы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әлеуметті салада қызмет ететін жастарға арнап несиелендіру талаптары барынша жеңілдетілген «Алматы Жастары 3.0» жеңілдетілген несилендірудің қалалық бағдарламасы іске қосылғанын еске саламыз. Бұл – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, сонымен бірге ЖОО мен ҒЗИ, журналистер және әлеуметтік саладағы басқа да қызметкерлер.
«2020 жылы барлығы қалалық "Алматы жастары 3.0" (1000 пәтер) және республикалық "Бақытты отбасы" бағдарламаларының аясында 3,5 мың пәтер бөлу жоспарлануда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында осы екі бағдарлама бойынша 343 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 188 пәтер "Алматы жастары 3.0" бағдарламасы және 155 пәтер "Бақытты отбасы" бағдарламаларының аясында», – деді Айбек Сайделдаев.
Ол 188 пәтерден 82-сін білім саласының қызметкерлері, мәдениет саласынан – 12, ЖОО және ҒЗИ қызметкерлерінен – 23, БАҚ қызметкерлерінен – 11 адам баспаналы болғанын айтты.
Қала әкімдігі тарапынан «Алматы 3.0» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10 млрд тг бөлінгенін атап өту керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан 3 млрд теңге бөлінген. ТҚЖБ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Тілеуберліқызының хабарлауынша, биылғы жылы осы сомаға 1000 отбасыны қамтамасыз ету жоспарлануда.
«Әкімдік тарапынан биылғы жылы жақсы сома 10 млрд тг бөлінді. Оған дейін бөлінген сома әлдеқайда төмен. ТҚЖБ тарапынан 3 млрд тг бөлінді. Барлығы осы 13 млрд тг "Алматы жастары 3.0" бағдарламасы бойынша 1000 отбасыны қамтамасыз ету жоспарлануда», – деді Данагүл Тілеуберліқызы.
Несиелендіру шарттары келесідей:
• Қарыз сомасы 13 млн құрайды
• Алғашқы жарна 10 пайыз,
• Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 5 пайыз.
• Баспананы бастапқы нарықта, сондай-ақ, қайталама нарықта және салынып жатқан нысандардан алуға болады
• Қатысушылардың жасы 35 жасқа дейін
• Меншік иесінің құқығында 5 жыл баспананың болмауы
• Қаладағы білім беру, медицина, спорт, мәдениет, БАҚ және т.б. салалардағы қызмет өтілі 6 айдан кем болмауы керек.
Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ almaty-zhastary.kz сайтынан білуге болады.
«Бүгінгі таңда маусым айының басынан бері 565 тұтынушы банктің оң шешімін алған. Олар кредитті өтеу қабілеттігі мен төлемқабілеттілігін дәлелдеген. Тек баспана табу ғана қалды», – деп толықтырды Данагүл Тілеуберліқызы.
Сонымен бірге, ол «Алматы жастары» бағдарламасының аясында егер қарыз алушының табысы жеткіліксіз болса, банк тарапынан тағы екі қосалқы қарыз алушыны тарту рұқсат етілетінін айтты. Қосалқы қарыз алушы ретінде үшінші бір тұлғалар немесе туған-туыстар қатыса алады.
Бұдан бөлек, «Бақытты отбасы» республикалық бағдарламасының аясында бүгінгі таңда 155 отбасы неиселендірілген. Олардың ішінде 76-сы көпбалалылар, 60-ы толық емес отбасылар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 19 отбасы бар.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қосымша «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Нұрлы жер бағдарламасының аясында барлығы 2020 жылы 360 пәтер жоспарланған. Оның ішінде 300-і банк және тұрғын үй саясаты басқармасы тарапынан бәрі пысықталды. Сатып алу және сату құжатары иелеріне берілді. Бүгінгі таңда аталған пәтерлерді рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сенбі күні біз ақырындап адамдарды үйлеріне жайғастырып бастаймыз», – деп толықтырды Айбек Сайделдаев.