Наурызбай ауданында уақытша суық су болмайды

27.06.2022 20:04

Бұл туралы «Алматы Су» МКК мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Наурызбай ауданында бірнеше сағат бойы суық су болмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы Су» МКК сілтеме жасап.

"29 маусым күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Наурызбай ауданының Кенесары хан көшесіндегі тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, соның ішінде "Хан Тәңірі" ТК, "Асқар тау" ТК суық су берілмейді. Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.